view (29)

“Не? Қайда?Қашан?”  атты зияткерлік сайысы ұйымдастырылды.

Бүгін 3 қараша, сәрсенбі күні КА-168/2 мекемесінде экстремизм және терроризм баптары бойынша сотталғандар арасында “Не? Қайда?Қашан?”  атты зияткерлік сайысы ұйымдастырылды.

“EASY” компаниялар тобының даму бойынша директоры С.Сүндетовтің жүргізушілігімен өткен сайыс барысында қатысушыларға “ақида”, “фиқһ”, “сахабалар өмірі” бөлімдерінен сұрақтар қойылды. Сайысқа барлығы 4 топ қатысып, нәтижесінде
1орын-Мүсілим
2 орын-Факиһ
3 орын-Алғыр топтары жүлделі орындарға иеленді.
Зияткерлік сайыстан соң “Ансар” КБОО теологы А. Сапар тарапынан “Білім алу маңыздылығы” тақырыбында ақпараттық насихат жұмысы жүргізілді.
Іс-шара соңында “Аңсар” АТО мамандары С.Ұлқабай және А. Исабаев жеңімпаз топтарға мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтарды табыс етті.

Комментарии закрыты.