view (14)

Дін дегеніміз не?

Дәстүрлі діндерге назар аударып қарайтын болсақ, оны ұстанушыларға арналған жасауға болатын және тиым салынған әрекеттер, айтуға болатын немесе айтуға болмайтын жайлар, ішіп-жеуге рұқсат етілген немесе тиым салынған тағамдар түріндегі ұстаным-ережелердің барлығын бағамдаймыз. Сонымен бірге істелуге міндетті парыздар да бар. Мұның өзін қазіргі заңнамалармен салыстыруға болатындай. Заңы жоқ мемлекет болмайды. Заң не үшін қажет?

Адамдардың әрекеті мен өмірін реттеу үшін. Сол сияқты дін де Жаратқанның заң болса керек. Онда да мемлекеттік заңдағы сияқты тиым салулар мен рұқсат етілген және істелуге міндетті әрекеттер жүйесі бар. Қандай дәстүрлі дінді алмасақ та, олардың бәрі адамдардың бойында адами жақсы қасиеттерді қалыптастыруға, жамандықтан жерінуге уағыздайды.
Егер зер сала қарасақ, мемлекет заңдары негізінен діннен бастау алатындығын аңғаруға болады.Егер сіз діни шарттарды қатаң ұстанатын тақуа адам болсаңыз, ешқашан өзіңіз өмір сүріп жатқан елдің заңыз бұзбайсыз. Яғни, діни шарттар мен мемлекет заңдарының үндесіп тұрғанын бағамдаймыз.

Комментарии закрыты.