FB_IMG_1633001631529

СЕНБІДЕГІ СЕРПІЛІС

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ТУРНИР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Сенбі күні ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында “Аңсар” АТО және “Интелектуалдық спорт түрінен облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі нің” ұйымдастыруымен әуесқойлар арасында тоғызқұмалақтан турнир өтті.

Сайыста ақыл-ойларын шыңдауға оқушылар және жастардан құралған 27 қатысушы ниет білдіріп, бәсекелестік тұрғыда тартысты ойын өрнегін көрсетті. Жекелей есепте швейцар жүйесімен өткізілген сайыста Нұрбек Қабиев төрелік етті.

Жарыс нәтижесі бойынша үш топ: оқушы қыздар және ұлдар, жастар арасынан үздіктер анықталды.

Жастар арасында Жазира Аралбекқызы III орынға жайғасса,  Жаңагүл Есберген II орынды иемденді.

Оқ бойы оза шапқан Ықылас Дәулетов жүлделі I  орынды жеңіп алды.

“Аңсар” АТО басшысы Нұрсұлтан Жаншин барлық қатысушыларды құттықтап, жеңімпаздарға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтарды табыс етті.

 

Комментарии закрыты.