FB_IMG_1633001425613

“MUSLIM.KZ” ПОРТАЛЫНЫҢ РЕДАКТОРЫ БАҚ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

24 қыркүйек жұма күні ” Аңсар” ақпараттық талдау орталығының ұйымдастыруымен өңірдің БАҚ өкілдері Республикалық “Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы, “Muslim.kz” ақпараттық, рухани-ағарту порталының редакторы Мақсатбек Қайырғалиевпен кездесті.

“БАҚ-та діни ақпарат жариялаудың кейбір ерекшеліктері” тақырыбында өткен кездесу шымылдығын ашқан “Аңсар” АТО басшысы Нұрсұлтан Жаншин бас қосудың маңызын айта отырып, дін саласындағы мемлекеттік саясатты өз деңгейінде жүргізу ісінде бұқаралық ақпарат құралдарының айрықша орын алатынын жеткізді.

Өзекті тақырып төңірегінде ой өрбіткен “Muslim.kz.” ақпараттық, рухани-ағарту порталының редакторы, шара спикері Мақсатбек Қайырғалиев діни экстремизм мен терроризм қауіп-қатерлерін, осы бағыттағы ақпараттарды ұсынуда негізгі назар аударылуы тиіс жағдаяттарды сөз етті.

Еркін тақырыпта өткен кездесу барысында Мақсатбек Қайырғалиев арнайы даярланған материалдар арқылы діни терминдердің ара жігін ажыратып, әрқайсысына жеке тоқталып, дін саласындағы ақпараттарды жариялаудағы жіберілген қателіктер қоғамда әр түрлі түсініспеушіліктер тудыратынын қаперге салды.

Журналистер қауымы ең алдымен ақпарат жариялауда ұрандатушылықты емес, ақпараттың дәлдігіне көңіл қойса, берілетін ақпараттың көпшілік қауымға түсінікті әрі жеңіл болуын, үрей туындатпауын қадағаласа, ақпараттарда қолданған діни ұғымдардың дұрыстығына жете мән беріп отырса, -деді спикер.

Жиынға арнайы ат басын бұрған Ақтөбе облысының Дін істері басқармасының басшысы Әлімбек Тұралиев өңірде орыс тілді азаматтармен жұмыс жүргізетін мамандардың тапшылығын тілге тиек етіп, осы бағытта оңалту жұмыстарын жүргізуге шақыртуды қабыл алған  Мақсатбек Қайырғалиевке алғыс білдірді.

БАҚ өкілдері өз кезегінде спикерге сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды.

Комментарии закрыты.