RLBQ_ONbGlU

ТҮЗЕТУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ТЕОЛОГТАРЫНА СЕМИНАР ӨТТІ

10 қыркүйек күні түзету мекемелерінің теологтарына семинар өтті.

ҚР Ішкі істер министрлігінің 2020 жылғы 26 наурыздағы N247 бұйрығымен бекітілген “Қылмыстық атқару жүйесі мекемелеріндегі сотталған адамдармен теологиялық оңалту жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі қағиданы” түсіндіру және жүйелі жүзеге асыру үшін ұйымдастырылған семинарға Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық атқару-жүйесі департаменті, ҚМДБ имамдары, “Аңсар”  АТО, “Ансар” КБОО теологтары қатысты.

Жиынның мақсаты түзету мекемелерінде жүйелі жұмыс жүргізетін аталған мекемелердің жергілікті атқарушы органдармен қарым-қатынас орната отырып, әріптестік ынтымақтастықты одан әрі күшейтіп,  қағидат аясында жұмысты сапалы ұйымдастыру.

Семинар барысында радикалды идеологияны ұстанушы азаматтармен жасалып жатқан жұмыстардың тиімділігін арттыру бойынша жаңа әдістемелер талқыланып, түзету мекемелеріндегі іс-шаралар жоспары пысықталды.

Комментарии закрыты.