FB_IMG_1631014004980

ТӘНІ САУДЫҢ – ЖАНЫ САУ

4 қыркүйек,  сенбі күні “Аңсар” ақпараттық талдау орталығының ұйымдастыруымен әйел жамағаттар арасында волейболдан жолдастық кездесу өткізілді.

Салауатты өмір салтын ұстанумен қатар, ұйымшылдық пен ауызбіршілікті арттыруға бағытталған спорттық шараға 25 әйел жамағаты қатысып, тартысты ойын өрнегін көрсетті.

Қызықты әрі тартысты өткен жолдастық кездесуге келген қатысушылар күнделікті тіршіліктен бір сергіп, шыныққандарын айтып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Комментарии закрыты.