FB_IMG_1630389659452

ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТТАРҒА ЗАҢГЕРЛІК КЕҢЕС БЕРІЛДІ

27 тамыз, жұма күні “Аңсар” ақпараттық-талдау орталығы 30 тамыз – ҚР Конституциясы күніне орай  “АТА ЗАҢ – ЕЛДІҢ БАС ТҰҒЫРЫ” тақырыбында әйел жамағаттармен “ТЕDX” форматында  кездесу ұйымдастырып, заңгерлік кеңес берді.

Әйел жамағатының құқықтық білімдерін толықтыру, діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңдармен таныстыру, заңдарды талдай отыра өз беттерімен саралай білуге бағытталған кездесу барысында «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңдар кеңінен түсіндіріліп,  «Отбасы құқығы және отбасы заңдары» тақырыбындағы сұрақтарға қатысты кеңес берілді.

Шараның маңыздылығын ұғынған қатысушылар тақырыптан өзге де сауалдарын жолдап, заңгерлік кеңес алды.

Сондай-ақ, алдағы уақытта берері мен керегі мол осындай мазмұндағы, сан-саланы қамтыған заңгерлік кеңес беру шаралары  ұйымдастырылып отырса деген ұсыныс-тілектерін білдірді.

Кездесу соңында қатысушыларға “Аңсар” АТО тарапынан арнайы бүктемелер таратылды.

Комментарии закрыты.