240113390_399662084838134_6602984495640637305_n

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРУ ТОБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНДА

Өңірде ҚР Ақпарат және даму министрлігінің тапсырмасы аясында
“Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету” жобасы жалғасуда.

20 тамы, жұма күні  РАТТ мүшелері Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің дінтану кафедрасының доценті Кеңшілік Тышқан және ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Талшын Қожахметова Ақтөбе қаласында болып, “Ақтөбе облысының Дін істері басқармасы” ММ-ң “Аңсар” ақпараттық талдау орталығының мамандарымен бірлесіп бірқатар жұмыстар жүргізді.

Алдымен, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің дінтану кафедрасының доценті  Кеңшілік Тышқан «Мемлекет пен діни құндылықтардың атқаратын қызметі мен қояр талабы» тақырыбында Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығында  білім ордаларының басшыларымен кездесті. Одан кейін, «Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтары» тақырыбында «Аңсар» АТО орталығының мәжіліс залында еркін форматта зиялы қауым өкілдерімен және орталық мамандарымен кездесу өткізді.

Сондай-ақ, «Құқық қорғау саласында діни экстремизм мен терроризмнің көріністерін алдын алу» тақырыбында Қ.Р.ТЖМ М.Габдулин атындағы азаматтық қорғау академиясының қызметкерлеріне топтық кездесу өткізіп, жат діни ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Ал, ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Талшын Қожахметова «Зайырлы елдің құндылықтары», «Ханафи мәзхабының ерекшелігі», «Зайырлы қоғамдағы діндар әйелдің орны мен маңыздылығы», «Деструктивті діни ағымдардың белгілері және олардан сақтану жолдары», «Дін жастардың көзімен» тақырыптарында дін жолындағы нәзік жандылармен әр түрлі форматта кездесулер өткізіп, деструктивті жат діни және радикалды идеялардың зияндылығына бағытталған дін саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні туралы ақпарат берді.

Осылайша жоба шеңберінде РАТТ қатысуымен діни сауаттылықты арттыру, халық арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, мәдени мұра мен дәстүрлерді насихаттау арқылы қоғамдық санаға теріс әсер етуден қорғаудың мақсат тұтқан жоба Ақтөбе қаласында қорытындыланды.

Комментарии закрыты.