Өңірде ҚР Ақпарат және даму министрлігінің тапсырмасы аясында
“Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету” жобасын жүзеге асыруға атсалысқан Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің дінтану кафедрасының доценті Кеңшілік Тышқан және ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Талшын Қожахметова “Аңсар” ақпараттық талдау орталығының ұйтқы болуымен медиа саласында да айтарлықтай жұмыстар жүргізді.
Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің дінтану кафедрасының доценті Кеңшілік Тышқан “Рика ТВ” телеарнасына және “Актюбинский Вестник”, “Хромтау” газеттеріне сұхбат берсе, ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Талшын Қожахметова “Актюбинский Вестник”, “Эврика” газеттеріне сұхбат берді.
Дін саласының майталман мамандарының тұщымды ойлары мен пайымды пікірлерін “Рика ТВ” телеарнасынан көріп, аталған басылымдардан оқи аласыздар.