FB_IMG_1626252727528(1)

Лаңкестік

Лаңкестік — саяси-әлеуметтік себептерге байланысты жеке адамға, көпшілікке немесе мемлекетке қысым жасау, үрей туғызу мақсатында қасақана жасалатын қылмыстық іс-әрекет.

ХХ ғасырда Лаңкестік әдістерін пайдалану ауқымы кеңейіп, Лаңкестік мемлекеттік деңгейге жетті. КСРО-дағы “қызыл террор” мен фашистік Германиядағы “ұлтшылдық террор” өз азаматтарына қарсы жасалған Лаңкестіктің айқын көрінісі болды.

ХХ ғасырдың ІІ жартысында Лаңкестіктің сипаты күрт өзгерді. Көптеген елдерде Лаңкестік ашық қоғамға бейімделе алмаған және заң шығарушы органда саяси өкілдік ала алмаған әлеуметтік топтардың саяси қарсылық білдіру құралына айналды. Олардың мақсаты қайсыбір елде (немесе халықаралық деңгейде) қорқыныш-үрей, жалпы тұрақсыздық тудыру болды.

ХХ ғасырдың 70 — 80 ж.ж дүниежүзінде 5500-ден астам Лаңкестік акт жасалды. Бұл кезеңде лаңкестер ұйымдасқан арнаулы топтарға біріге бастады. Әр түрлі елдердің, соның ішінде, Таяу Шығыс, Жапония, Латын Америкасы, Еуропа елдерінің Лаңкестік ұйымдары арасында жақындасу процесі басталды.

Қазіргі кезде дүниежүзінде 500-ден астам Лаңкестік ұйым мен экстремистік топ әрекет етеді. Олардың ішіндегі ең ірі Лаңкестік ұйымдар: “Тупак Амару атындағы революциялық қозғалыс”, “Ку-Клус-Клан”, “Арийлік ұлт” оңшыл экстремистік ұйымы, “Аум Синрике”, “Ирландияның республикалық армиясы”, “Хамас” (Исламдық қарсыласу қозғалысы), “Хезболлах”, т.б. Қазіргі Лаңкестік ауқымы мен аумағы жағынан халықаралық (халықаралық деңгейдегі Лаңкестік актілер), ішкі саяси (үкіметке, ел ішіндегі қандай да бір саяси топтарға қарсы бағытталған немесе ішкі жағдайды тұрақсыздандыруды мақсат тұтатын Лаңкестік әрекеттер); пайдакүнемдік мақсаттарды көздейтін қылмыстық Лаңкестік түрінде көрініс береді.

Дереккөз: ғаламтор желісіндегі

Комментарии закрыты.