210950163_927959147760956_3845874026858804235_n

ОРТАЛЫҚ БАСШЫСЫ ЕЛОРДА КҮНІНДЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ МАРАПАТТАДЫ

“Аңсар” ақпараттық талдау орталығының басшысы Нұрсұлтан Жаншин 6 шілде Елорда күніне орай санитарлық талаптарды сақтай отырып, ұжымды мерекемен құттықтап, бірқатар қызметкерлерге облыстық дін істер басқармасы басшысының арнайы мерекелік алғыс хаттарын табыстады.

Сонымен қатар, “Аңсар” ҚБ қызметкерлеріде басқарма басшысының мерекелік алғыс хатын алды.

– Ел мерейін еселей түскен әр мемлекеттің Елордасы екендігі тарихтан мәлім. Сондықтан баршаңызды Елорда күнімен шын жүректен құттықтаймын. Мемлекеттің  тұрақтылығы үшін жасап жүрген жұмыстарыңыз жемісті, отбасыларыңыз аман болсын!  Халқымыз ауызбіршілікте бейбіт күн кешсін! Алла бейбітшілігімізді ғұмырлы, Тәуелсіз елімізді тұғырлы етсін!- деп “Аңсар” АТО басшысы Нұрсұлтан Жаншин жүрек жарды жылы лебізі мен құттықтауын жеткізді.

Комментарии закрыты.