210465356_496276241432595_1797263877648540011_n

ДӘСТҮРЛІ ТЕҢБІЛ ДОП ДОДАСЫ ЖАЛҒАСЫП КЕЛЕДІ

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған “Erkindigim – Amanatym, Eldigim” жобасы аясында Елорда күніне орайластырылып мешіт жамағаттары арасында “Ansar CUP” шағын футбол турнирі өтті.

– “Ansar CUP” шағын футбол турнирі биыл төртінші жыл қатарынан ұйымдастырылды. Шара негізінен облыс жамағаттарының ауызбіршілігін арттыруға бағытталған. Биылғы ойында тартысы өтті. Бұл жамағаттардың бірлігінің жемісі. Дәстүрге айналған теңбіл доп додасы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған “Erkindigim – Amanatym, Eldigim” жобасы аясында Елорда күніне орай өткізілді, – деді “Аңсар” ақпараттық талдау орталығының басшысы Нұрсұлтан Жаншин.

Шағын футболдан өткен турнирге облыс орталығы мен аудандардан барлығы 7 команда қатысты.

Жүлделі І орынды Ақтөбе қаласының орталық мешіті командасы жеңіп алса, жүлделі ІІ орынды Алға ауданы, жүлделі ІІІ орынды Темір ауданының командалары иемденді.

Сонымен қатар, ойын барысында көзге түскен ойыншылар үздік атанып, арнайы номинациялармен марапатталды.

Комментарии закрыты.