Алғыс айту күні – еліміздегі бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні.
Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этнос өкілдерінің құтты қонысына айналған қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына алғысы.
Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы татулықтың өлшемі.
Баршаңызды атаулы мерекемен құттықтаймыз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!