Этникалық киім үлгісін жаңа заманға лайықтап нарыққа ұсынып отырған @salihabrand ұлттық брендінен cән көрсетілімі көрсетілді.
⠀⠀⠀
Сән көрсетіліміне замануи үлгіде тігілген кимешек, бүрмелі көйлек, камзол, жекеттер таныстырылды. ⠀⠀⠀
Көрсетілім соңында сөз алған @salihabrand авторларының бірі Хадиша Батпенова негізгі мақсат дін мен дәстүр құндылықтары ұштасқан киім үлгілерін нарыққа шығару, күнделікті өмірге енгізу екендігін жеткізді.