Алға аудандық дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен “Алға қаласы әкімінің аппараты” ММ қызметкерлерімен “Зайырлы қоғам құндылықтары” тақырыбында кездесу өтті.
⠀⠀⠀
Кездесу барысында “Аңсар” ақпараттық талдау орталығының бөлім басшысы Нұрмұхаммед Разақов және Алға дін орталығының теологі Ғалым Идрисов діни радикализмнің алдын алу, жат ағымдардың зардабы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.