Облыстық дін мәселелері жөніндегі ақпараттық түсіндіру тобы аудандардағы іссапарды жалғастыруда. Қазіргі таңда облыстық ақпараттық түсіндіру тобы Алға ауданында.
⠀⠀⠀
Аудан бойынша түсіндіру жұмыстарының бірі “Алға индустриалық техникалық колледжінде” өтті. Дәрісті “Аңсар” ақпараттық талдау орталығының теолог маманы Панаев Н. жүргізіп, студенттерге “Теріс ағымның сипаттарын” түсіндірді.