84750700_2498083880520071_6317283321978028032_n

ҚАЗАҚ ҚОЛӨНЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Ақтөбе облысының дін істері басқармасы @din_aktobe “Аңсар” ақпараттық талдау орталығының ұйымдастыруымен өткен “КимешекStyle” фестивалінде қазақ қолөнерінің жәрмеңкесі өтті. ⠀⠀⠀
⠀⠀⠀
Жерлестеріміздің қолдан жасалған өнімдеріне қолдау көрсету мақсатында жәрмеңкеге кәсіпкерлікпен айналысатын ханымдардың тауарлары қойылып, қолжетімді бағада сатылды. ⠀⠀⠀
⠀⠀⠀
Кәсіпкер ханымдар “Ең әдемі ұлттық киім және орамал үлгісі”, “Викторинаның үздік қатысушылары” номинациясы бойынша демеушілік танытып, қатысушыларға өз тауарларын сыйлады. ⠀
⠀⠀⠀⠀⠀
“Аңсар” ақпараттық талдау орталығының жанынан құрылған «Аңсар волонтерлары» кезекті фестивалде өз белсенділіктерін танытып, шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысты.
⠀⠀⠀
“Аңсар волонтерлары” әр уақыт креативті, бірегей жобаларымен, қайырымдылық шараларын өткізу форматымен, белсенді еңбегімен өзге ерікті топтардан ерекшеленіп келеді. Жастардың талабына, жобаларына әрдайым қолдау білдіретінімізді жеткізіп, зор еңбектері үшін алғыс айтамыз! ⠀⠀

Комментарии закрыты.