Ақтөбе облыстық балалар ауруханасында тәжірибеден өтуші М.Оспанов ат. медициналық университетінің студенттерімен “Аңсар” ақпараттық талдау орталығының теолог маманы Нұрбол Аханұлы кездесу өткізді.
Кездесудегі “Дін және Жастар” тақырыбы аясында қоғамдағы бар жат ағым белгілері, ел тұтастығына тигізер зияны, дәстүрлі дін мен жат ағымның айырмашылықтары туралы айтылды.