Темір ауданы, Шұбарқұдық кентінде “Ансар” кеңес беру-оңалту орталығының басшысы Төлеубай Ә.С., “Аңсар” ақпараттық талдау орталығының бөлім басшысы Разақов Н.Ш., және “Нұр Ғасыр” мешітінің наиб имамы Дәрменов Қ. “Жеті рухани қазық” тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысып, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Аталмыш шарада қазіргі таңдағы діни ахуал, салт-дәстүрдің шығу төркінін ұмытып, алшақтау жат ағымға қарсы тұрар иммунитеттің әлсіреуіне әкеліп жатқандығы, әсіресе ғаламтор желісінде ақпарат іздерде, таратарда абай болу керектігі айтылды. Бұл шараға ауыл ақсақалдары, еңбек ардагерлері, мектеп ұстаздары қатысты.