70997704_2972158622798572_3863591753903544421_n(1)

“АДАМНЫҢ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІ” ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СЕМИНАР-ТРЕНИНГІ

Ақтөбе аруларына, әйел жамағатына арналған “Адамның интеллектуалдық қабілеттері” тақырыбында кезекті семинар-тренинг болып өтті. Аталмыш шараны “Аңсар” ақпараттық талдау орталығы және “Жарық” ақпараттық кеңес беру орталығы бірлесіп ұйымдастырды. Семинар-тренинг теориялық және практикалық екі бөліктен тұрды.

1-бөлігінде “Аңсар” орталығының психолог маманы Эльмира Қайырғалиқызы қарапайым ойлау мен шығармашылық ойлау, креативтілік, ой ұшқырлығы сияқты қабілеттер туралы ақпарат берді. Бұл қабілеттерді дамытудың бірден-бір жолы үнемі ізденіс, жаңа нәрсеге ашық болу екендігі де айтылды.

2-бөлігінде “Жарық” орталығының үйлестірушісі Қойшығұлова Анар интеллектуалдық қабілеттерді іс жүзінде сынау үшін қатысушыларға ойын ұйымдастырды.

Шара соңында дәстүрге сай белсенді қатысушыларға “Аңсар” орталығы тарапынан кітаптар сыйға тартылды.

Комментарии закрыты.