Нәзік жандылар үшін “Аңсар” ақпараттық талдау орталығының психолог маманы Әділханова Э. “Хром тэйлор” тігін цехында “Психология. Ұлттық психология” турасында семинар-тренинг өткізді. Семинар барысында әйел затының психологиясы мен ұлттық психология ерекшеліктері айтылып, отбасы, туған-туыс,басқа да қоғам мүшелерімен қарым-қатынас турасында сөз болды.