Хромтау ауданындағы әйел жамағатына “Әйелдің рухани дамуы” тақырыбында “Аңсар” ақпараттық талдау орталығының теолог маманы Р. Мералы және психолог маманы Э. Қайырғалиқызы семинар-тренинг өткізді.
Семинар-тренингте қоғамда рухани құндылықтардың дамуында қазақ әйелінің рөлі, отбасындағы жылылық, энергетика көзі әйел затының рухани күшті, энергетиканы қайдан алу керектігі жөнінде пайдалы, дін және дәстүр призмасынан өткен ақпараттар берілді.