Ала доптан Ақтөбе қаласы және 12 аудан арасында өткен облыстық турнир өз мәресіне жетті. Сағат 09:00-ден кешкі 19:00-ге дейін жалғасқан турнир тартысты да, бәсекелі болды.
Турнир қорытындысында жүлде реті келесідей жайғасты:
І орын – Ырғыз мешіті, жүлдесі: екіжақты тақта;
ІІ орын – Алға аудандық мешіті, жүлдесі: булы үтік;
ІІІ орын – Темір аудандық «Ырысты ана» мешіті, жүлдесі: термопот шәйнегі.
Жеңімпаздарды жүлделерімен құттықтаймыз! Тән саулығы – жан саулығының кепілі екенін ұғынып, «Аңсар» орталығы ұйымдастарған рухани-спорттық, мәдени-танымдық шараларға белсене атсалысқан қалалық және аудандық мешіт жамағаттарына алғыс білдіреміз!