«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің Ақтөбе облыстық дайындық курсының ашылу салтанатына облыс әкімі Оразалин Оңдасын Сейілұлы, Ақтөбе облысы бойынша ҚМДБ өкілі, облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің бас имамы Төлеби Оспан Дәділұлы, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің ректоры, профессор, доктор Мухаммад аш-Шаххат ал-Жинди, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры, исламтанушы P.h.D доктор Қайрат Құрманбаев және облысымыздың зиялы қауым өкілдері қатысты.